Halyq Uni логотип
×

Францияда жоғары сынып оқушысы сабақ үстінде мұғалімді өлтірді

Оқушының құлағына түнде мұғалімін өлтіруді сұраған дауыс келген

 Халық үні 22.02.2023 | 19:55
Францияда жоғары сынып оқушысы сабақ үстінде мұғалімді өлтірді
Фото: Alexander Rekun/ globallookpress.com

Францияның Сен-Жан-де-Люз қаласында жоғары сынып оқушысы испан тілі мұғалімін өлтірді, деп хабарлады ҚазАқпарат. 

Жергілікті БАҚ оқиғаның бүгін таңертең сабақ үстінде болғанын жазды. Билік оқиға орнында полиция мен жергілікті прокуратура жұмыс істеп жатқанын растады. Оқушы тұтқындалды. Мектепке, жеке католик мекемесіне кіретін және шығатын есіктер жабылды. Соңғы деректер бойынша, шабуыл таңғы сағат 10-да испан тілі сабағында жасалған.

Le Figaro дереккөзі ақпаратына қарағанда, мұғалімін өлтірген 16 жастағы оқушының құлағына түнде испан тілі оқытушысын өлтіруді сұраған дауыс келген.

«Бұл оқушыларға қандай психологиялық жарақат әкелгенін елестетудің өзі қиын», - деді Үкімет өкілі Оливье Веран Министрлер кеңесінің отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында. Ол оқиға орнына ұлттық ағарту, жастар және спорт министрі Пап Ндиайе келетінін айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама