×

Астанада ішкиімдерін автобустың ішіне жайғандар іздестіріледі (ВИДЕО)

Компания полицияға шағым түсірген

 Дәурен Ерболат 22.02.2023 | 17:50
Фото: obk.kz

Елордада жолаушылар автобустың ішіне ішкиімдерін жайған. CTS компаниясы бұл оқиғаға түсінік берді, деп хабарлады Halyq Uni.

CTS Көлік бақылау департаментінің қызметкерлері оқиғаның №21 автобуста болғанын анықтады.

Мән-жайды нақтылау үшін автобус салонындағы камералардан бейнематериалдар алынды. Бейнежазбаны қарау кезінде кешкі сағат 20:29-да «Астана саябағы» аялдамасынан отырған жолаушылар автобус салонында асығыс жіп тартып, киімдерді іле бастаған. Келесі Аiland аялдамасына жеткенде ілінген жіп пен заттарын жинап, автобустан шығып кеткен. Олардың бірі және кейбір жолаушылар салонда болып жатқан жайтты ұялы телефондарына түсірген, - деп жазылған компания хабарламасында.

CTS тиісті шара қолдану үшін видеоны Астана қаласының gолиция департаментіне жолдаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама