Ал биылғы жиын 11-12 шілдеде Литвада болады
АҚШ президенті Джо Байден НАТО-ның келесі саммиті 2024 жылы Америка Құрама Штаттарында болатынын хабарлады.
Келесі жылы мен НАТО-ға мүше мемлекеттердің басшыларын АҚШ-та өтетін саммитте қабылдаймын, – деді Байден Польшаға сапары кезінде сөйлеген сөзінде.
Оның айтуынша, 2024 жылы Солтүстік Альянс құрылғанына 75 жыл толатынын атап өтеді.
Биыл 11-12 шілдеде Литваның астанасы Вильнюс қаласында НАТО басшыларының саммиті болады.