×

НАТО-ның келесі саммиті 2024 жылы АҚШ-та өтеді

Ал биылғы жиын 11-12 шілдеде Литвада болады

 Дастан Жұмабекұлы 22.02.2023 | 17:22
фото: ашық дереккөз

АҚШ президенті Джо Байден НАТО-ның келесі саммиті 2024 жылы Америка Құрама Штаттарында болатынын хабарлады.

Келесі жылы мен НАТО-ға мүше мемлекеттердің басшыларын АҚШ-та өтетін саммитте қабылдаймын, – деді Байден Польшаға сапары кезінде сөйлеген сөзінде.

Оның айтуынша, 2024 жылы Солтүстік Альянс құрылғанына 75 жыл толатынын атап өтеді.

Биыл 11-12 шілдеде Литваның астанасы Вильнюс қаласында НАТО басшыларының саммиті болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама