×

Қазақстанда кімдерге 10 жыл тұрақты тұруға рұқсат беріледі?

Олар ықтиярхат алуы керек

 Дәурен Ерболат 22.02.2023 | 17:14
Фото: Depositphotos.com

Шетелдіктерге елімізде тұруға мүмкіндік беретін сұранысқа ие мамандықтар тізімі бекітілді, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Тізімге денсаулық сақтау, инженерия, ақпараттық технология, ғылым және тағы басқа салада сұранысқа ие 21 мамандық енген.

Сұранысқа ие мамандықты меңгерген шетелдіктер төлем қабілеттілігін растамай, ішкі істер органдарында оңайлатылған тәртіппен тұруға рұқсат рәсімдей алады. Тұруға рұқсат 10 жылға немесе шетелдік паспорттың қолданылу мерзіміне сәйкес беріледі, - деп жазылған хабарламада.

Министрліктің «Шетелдіктердің Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін сұранысқа ие кәсіптер тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы 2023 жылғы 28 ақпаннан бастап күшіне енеді.

Сұранысқа ие мамандықтар тізімі төмендегідей:

  • Дәрігер-неонатолог;
  • Дәрігер-нейрохируг;
  • Дәрігер-гематолог;
  • Дәрігер-онколог;
  • Дәрігер-эндокринолог;
  • Органикалық емес заттар технологиясы жөніндегі инженер-зерттеуші;
  • Органикалық заттар технологиясы жөніндегі инженер-зерттеуші;
  • Фармация инженер-технологы;
  • Пайдалы қазбаларды дайындау жөніндегі инженер-зерттеуші;
  • Авиациялық инженер;
  • Ғарыш жүйесінің аппараттық-бағдарламалық қамтылымы жөніндегі инженері;
  • Жаңа техника мен технологияны енгізу жөніндегі инженер;
  • Лазерлік жабдық жөніндегі инженер;
  • Целлюлоза, қағаз, полиграфия және талшық өндірісі технологиясы жөніндегі инженер-зерттеуші;
  • АТ инфрақұрылымының архитекторы;
  • Бағдарламалық қамтылым архитекторы;
  • Өндірістік оқыту шебері (инженерия және инженерлік іс);
  • Инженер-медициналық радиохимик;
  • Инженер-медициналық физик;
  • Тоқыма шикізатының классификаторы;
  • Бактериолог.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама