×

Рыбакина WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты

Енді ол ширек финалға шығу үшін әлемнің 6-ракеткасы, америкалық Коко Гауфпен кездеседі

 Дастан Жұмабекұлы 22.02.2023 | 17:02
фото: ашық дереккөз

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина теннистен Дубайда өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты.

Рыбакина екінші айналымда әлемнің 26-ракеткасы, чехиялық Мария Боузковамен кездесіп, оны 7:5, 6:2 есебімен ұтты. Бұған дейін екеуі бір-бірімен үш рет кездескен еді. Сонда Рыбакина үш ойында да жеңген болатын.

Бұл жолы Рыбакина матчты брейкпен бастағанымен, Боузкова таразы басын теңестіре алды. Дегенмен қазақстандық тенниісші тағы бір брейк жасап, 6:5 есебімен алға шықты. Сосын сетке доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ. Есеп – 7:5.

Отандасымыз екінші партияны да брейкпен бастады. Содан кейін тағы бір эйс жасап, матчты жеңіспен түйіндеді. Есеп – 6:2.

Енді Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемнің 6-ракеткасы, америкалық Коко Гауфпен кездеседі. Ол екінші айналымда рейтингте 43-орында тұрған Беларусь өкілі Александра Сасновичті 6:0, 6:4 есебімен ұтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама