×

Еуропа Одағы Ресейге қарсы санкцияны тағы ұзартты

Қарар 2024 жылғы 24 ақпан күніне дейін ұзартылды

 Дастан Жұмабекұлы 22.02.2023 | 14:37
фото: ашық дереккөз

Еуропа Одағы Ресейге қарсы санкцияны тағы бір жылға, яғни 2024 жылғы 24 ақпанға дейін ұзарту туралы қарар қабылдады.

Резолюцияда Еуропа Одағының Украинаны қолдаудағы табандылығына баса назар аударылған. Шешім жарияланған күннен кейін күшіне енеді, – делінген құжатта.

Deutsche Welle басылымының хабарлауынша, Ресейдің атом өнеркәсібіне қарсы санкциялар Еуроодақта дайындалып жатқан санкциялардың оныншы пакетіне кірмейді. Бұл туралы 20 ақпанда Брюссельде өткен Еуропа Одағы Сыртқы істер кеңесінің баспасөз мәслихатында ЕО-ның жоғары дипломаты Джозеф Боррелл мәлімдеді.

Боррелдің айтуынша, санкциялардың оныншы пакетіне міндетті түрде электроника, мамандандырылған көліктер, жеңіл автомобильдерге, ұшақтарға, жүк көліктеріне арналған бөлшектер, антенналар мен крандар сияқты әскери мақсатта пайдалануға болатын құрылыс өнімдері, қос мақсаттағы тауарлар, атап айтқанда, электронды компоненттер, технологиялар, сирек материалдар, термокамералар кіреді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама