×

Ақтөбеде мектеп-лицей өртенді (ВИДЕО)

890 оқушы мен 60 ересек адам эвуакацияланған

 Еркеғали Болатұлы 22.02.2023 | 12:20
фото: дереккөз

Ақтөбе қаласында мектеп өртеніп, мыңға жуық адам қауіпсіз жерге шығарылды.

Ресми мәліметке сәйкес, бүгін таңғы сағат 08:01-де «112» құтқару қызметіне №23 орта мектеп-лицейінен өрт шыққаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына бірден 53 құтқарушы мен 14 техника жіберілген.

Құтқарушылар барғанда 1-қабатта орналасқан кабинет өртеніп жатқан. Мектеп-лицейден 890 оқушы мен 60 ересек адам эвуакацияланды. Зардап шеккендер жоқ, - делінген ТЖМ хабарламасында.

Тілсіз жау сағат 08:12-де толықтай ауыздықталды. Алдын ала мәліметке сәйкес, өрт электр сымдардың тұйықталуынан шыққан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама