Halyq Uni логотип
×

Доллар бағамы қымбаттап, 435 теңгеден асты - KASE

Доллар бағамы 1 желтоқсан кешімен салыстырғанда 1,52 теңгеге өскен

 Халық үні 02.12.2021 | 13:58
Доллар бағамы қымбаттап, 435 теңгеден асты - KASE
көрнекі фото: gazeta.uz

Қазақстан қор биржасының (KASE) 11:00-дегі мәліметі бойынша доллардың орташа бағамы бірден 1,52 теңгеге көтеріліп, 435,72 теңгені құрады. Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1 желтоқсан кешімен салыстырғанда 1,52 теңгеге өскен.

Ақша айырбастау орындарында доллар 437,5-438,5 теңге, еуро 495-501 теңге, ресей рублі 5,87-5,95 теңгеден сатып алынып, сатылып жатыр.

Ал 2 желтоқсандағы сауда нарығында әлемдік мұнай бағасы көтерілуде. Айта кетейік, WTI маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстері барреліне 0,75 пайызға өсіп, 66,06 долларды құрады. Brent маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстері барреліне 0,68 пайызға өсіп, 69,31 долларды құрады.

29 қарашада Ұлттық банк өкілі коронавирустың жаңа штамының анықталуы және бірқатар ел арасындағы әуе қатынасына тыйым салынуы өткен жұмада мұнай бағасына, акцияларға және дамушы елдердің валюталарына баға белгілеуді төмендеткенін айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама