Екінші раундта испаниялық боксшының қабағы жарылып, қан тоқтамай, жекпе-жекті аяқтауға тура келді.
Қазақстандық боксшы Ертуған Зейнуллинов Болгария астанасында өтіп жатқан Странджа кубогінде алғашқы айқасын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
63,5 келіде өнер көрсететін қазақстандық бкосшының қарсыласы испаниялық Конде Ойера Ибаррече болды. Екінші раундта испаниялық боксшының қабағы жарылып, қан тоқтамай, жекпе-жекті аяқтауға тура келді.
Ибаррече жастар арасында Испания чемпионы. Ал Зейнуллинов Қазақстан чемпионатында топ жарып, кәсіпқой бокста бір жекпе-жек өткізген.