Түркияда үйінді астынан 384 сағаттан соң 90 жастағы кейуана мен оның 70 жастағы ұлы шығарылды
Жер сілкінісінен 384 сағат өткен соң құтқарушылар 90 жастағы кейуана мен оның 70 жастағы ұлы үйінді астынан шығарды
Түркияда жер сілкінісінен 384 сағат өткен соң құтқарушылар 90 жастағы кейуана мен оның 70 жастағы ұлын үйінді астынан шығарды, деп хабарлайды AzeSputnik.
Түркияның оңтүстік-шығысында 6 ақпанда болған жер сілкінісінен қаза тапқандарды іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Соңғы мәліметтерге қарағанда, Түркияның он провинциясында табиғи апаттан 42 мыңнан астам адам қаза тапқан,
Түркияда 345 мың пәтер қирап, көптеген адам із-түзсіз жоғалып кеткендіктен, қаза тапқандар санының артатыны хабарланды.