6 өңірде өзен суы көтеріледі
Түркістан, Жамбыл, Алматы, Жетісу, Қызылорда облыстары, Алматы қаласы маңындағы аймақтарда жаңбыр және жылбысқы қар суы молаяды
«Қазгидромет» РМК бірнеше өңірде су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертті.
«22-24 ақпан аралығында Түркістан, Жамбыл, Алматы, Жетісу, Қызылорда облыстары, Алматы қаласы маңындағы аймақтарда жаңбыр және жылбысқы қар суы молаяды. Сондай-ақ температураның жоғарылауына байланысты еріген қар және мұздың салдарынан өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін», - делінген хабарламада.