418 млн теңге: хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасында ең көп жалақы алатындар аталды
Астаналық «Барыс» ХК Құрлықтық хоккей лигасының биылғы маусымында плей-офф кезеңіне шыға алған жоқ
Хоккейден Қазақстан құрамасының кейбір ойыншылары Құрлықтық хоккей лигасындағы ең қымбат ойыншылардың тізіміне енді. Бұл туралы sport-express.ru хабарлады.
Дереккөз мәліметінше, ЦСКА-да ойнайтын Даррен Диц жылына 70 миллион рубль табады. Бұл – шамамен 418 миллион теңге.
Ал Джесси Блэкер («Автомобилист») пен Никита Михайлис («Барыс») жылына 50 миллион рубль (298,62 миллион теңге) жалақы алады.
Сондай-ақ еліміздегі жоғары жалақы алатын хоккейшілер тізімі мынадай:
- Кертис Волк («Автомобилист») – 45 млн рубль (268,76 млн теңге);
- Виктор Сведберг («Авангард») – 40 млн рубль (238,90 млн теңге);
- Алексей Маклюков («Металлург») – 35 млн рубль (209,04 млн теңге);
- Роман Старченко («Спартак») – 25 млн рубль (149,31 млн теңге);
- Валерий Орехов («Адмирал») – 20 млн рубль (119,45 млн теңге).
Еске сала кетсек, астаналық «Барыс» ХК Құрлықтық хоккей лигасының биылғы маусымында плей-офф кезеңіне шыға алған жоқ.