Осыған ұқсас объект 2020 жылы Сэндай қаласында бір көрініп, көзден ғайып болған
Жапонияның Хамамацу қаласының жағажайына аспаннан белгісіз шар түсті.
Қазір жергілікті полиция көлемі 1,5 метр темір шардың табиғатын зерттеп жатыр. Жағажайда жүруге тыйым салынды. Полиция жарылыс қаупін жоққа шығармай отыр.
Бұған дейін 2020 жылы Сэндай қаласының аспанында шар тәріздес формадағы объекті пайда болған еді. Сосын шар Шығыс Сібір теңізіне қарай ұшып, көзден ғайып болған.