Ракеталардың соққысынан 5 адам қаза тапты
Сирияның астанасы Дамаск қаласындағы тарихи бекіністің бір бөлігі Израильдің зымырандарының шабуылдарынан қирап қалды.
Сирияның көне жәдігерлер мен мұражайлар бас басқармасының хабарлауынша, бұл бекініс ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра нысандарының тізіміне енгізілген.
Израильдің ракеталарының шабуылдарының кесірінен 5 адам қаза тапқан.
Сирия мен Түркияның солтүстік-батысында болған жер сілкінісінен 12 күн өткен соң Израиль Дамаскіні тағы да зымыранмен атқылады.
Израильдің бұл қантөгісін халықаралық қауымдастық айыптап отыр.