×

Израиль зымырандары Сириядағы ЮНЕСКО тізіміне енген тарихи бекіністі қиратты

Ракеталардың соққысынан 5 адам қаза тапты

 Дастан Жұмабекұлы 21.02.2023 | 10:59
фото: ашық дереккөз

Сирияның астанасы Дамаск қаласындағы тарихи бекіністің бір бөлігі Израильдің зымырандарының шабуылдарынан қирап қалды.

Сирияның көне жәдігерлер мен мұражайлар бас басқармасының хабарлауынша, бұл бекініс ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра нысандарының тізіміне енгізілген.

Израильдің ракеталарының шабуылдарының кесірінен 5 адам қаза тапқан.

Сирия мен Түркияның солтүстік-батысында болған жер сілкінісінен 12 күн өткен соң Израиль Дамаскіні тағы да зымыранмен атқылады.

Израильдің бұл қантөгісін халықаралық қауымдастық айыптап отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама