Halyq Uni логотип
×

Странджа-2023: Қазақстан боксшысы турнирді нокаутпен бастады (ВИДЕО)

Итальян спортшысы бірнеше ауыр соққы алған кезде рефери айқасты кілт тоқтатты

 Дастан Жұмабекұлы 21.02.2023 | 09:38
Странджа-2023: Қазақстан боксшысы турнирді нокаутпен бастады (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Боксшы Ерасыл Таңқай Болгарияның астанасы София қаласында басталған бокстан Странджа кубогы үшін халықаралық турнирді жеңіспен бастады.

Турнирдің бірінші күні елімізідң атынан шаршы алаңға жалғыз боксшы – 60 келіге дейінгі салмақтағы Ерасыл Таңқай ғана шықты. Ол итальян Даниел Салерномен қолғап түйістірді. Жекпе-жектің үшінші раундында Ерасыл Таңқай қарсыласын нокдаунға жіберді. Бұдан кейін екінші нокдаун болды. Артынша итальян боксшысы бірнеше ауыр соққыға ұшыраған кезде рефери айқасты кілт тоқтатып, қазақстандықтың техникалық нокаутпен жеңіске жеткенін жариялады.

Алғашқы екі раундтағы төрешілер жазбалары бойынша да Ерасыл Таңқай алда тұр еді – 20:17, 20:18, 19:19, 20:17, 20:18.

Ал турнирге 27 боксшыдан тұратын үш құраммен келген Өзбекстан командасынан жарыстың бірінші күні төрт боксшы сайысқа түсіп, төртеуі де жеңіс тойын тойлады. Олар: Дилшод Абдумуродов (60 кг), Бекзод Хамидов (67 кг), Икболжон Холдоров (71 кг), Саиджамшид Жафаров (71 кг).

Бүгін 21 ақпан күні Қазақстанның бес боксшысы рингке көтеріледі:

Күндізгі сессия (17:00)

57 кг. Оразбек Асылқұлов – Джуд Галлахер (Ирландия)

63,5 кг. Ертуған Зейнуллинов – Конде Ойер Ибаррече (Испания)

Кешкі сессия (22:00)

54 кг. Бекзат Алдамжаров – Биллал Беннама (Франция)

67 кг. Темірхан Тезек – Пламен Янков (Болгария)

86 кг. Бекзат Таңатар – Картик (Үндістан).

Серіктес жаңалықтары

Сараптама