Ғимараттың шатыры құлаған
Павлодарда қазандықтағы жарылыстан 2 адам зардап шекті, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.
ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Павлодар облысы бойынша департаментінің алдын ала мәліметінше, «Павлодар» ЖШС қазандығының ғимаратында газ жарылған. Салдарынан қазандық ғимараты жартылай қирап, шатыры құлады.
2 адам зардап шекті. Оның біреуі – компрессор-оператор болса, екіншісі – газ таситын көліктің жүргізушісі.
Қоңырау сағат 16:27-де түсті. Оқиға орнына жедел жәрдем және апат медициналық орталығының бригадасы жіберілді, – деп мәлімдеді облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз орталығы.
Дәрігерлердің айтуынша, денесін күйік шалған 43 жастағы ер адам №1 қалалық ауруханаға жеткізілді, ал 59 жастағы ер адам ауруханаға жатудан бас тартқан.