Коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті
4 науқас өте ауыр халде жатыр
Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың саны күрт артты, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен тәулікте 70 адамнан коронавирус табылды.
21 ақпандағы мәлімет бойынша 1 641 адам (1 476+ және 165 КВИ-) аурудан емделіп жатыр.
Олардың ішінде 131 пациент стационарда, 1 510 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 2 адамның жағдайы ауыр, 4 пациенттің жағдайы өте ауыр, 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, кеше 40 адамнан COVID-19 анықталған.