Түркиядағы қайталанған жер сілкінісі: қаза тапқандар бар (ВИДЕО)
Жер сілкінісінен соң 20 тербеліс тіркелген
Түркияның Ішкі істер министрі Сүлейман Солудың хабарлауынша, Хатайда жер сілкінісінен қаза болғандар саны қазіргі таңда 3 адамды құрап отыр. 213 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Түркия вице-президенті Фуат Октай Дефне ауданында болған 6,4 балдық жер сілкінісінен соң 20 тербеліс тіркелгенін айтты.
AFAD агенттігінің хабарлауынша, Хатай провинциясында бүгін болған зілзаладан соң хабарланған теңіз деңгейінің көтерілуі туралы ескертудің күші жойылды.
Осыған дейін дүйсенбі күні Хатай провинциясының Дефне ауданында 6,4 магнитудалық жер сілкінісі тіркелгені хабарланды.
Кешірек 5,8 магнитудалық тағы бір жер сілкінісі болды. Түркияның оңтүстік-шығысында үйлер қирады. Жерасты дүмпуі Сирия, Ливан, Кипр, Израиль, Иордания, Ирак пен Палестинада сезілді.