Іздеу жүргізгенінің нәтижесінде жасөпірімдер аман-есен орталыққа жеткізілді
Шымкентте балалар үйінен қашып кеткен екі қыз табылды, деп хабарлайды otyrar.kz.
Полиция департаментінің қызметкерлері барлық бейнебақылау камераларын бақылап, іздеу жүргізгенінің нәтижесінде жасөпірімдер аман-есен орталыққа жеткізілді. Қазіргі таңда оларға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалып, тексеру жүріп жатыр.
«Мекеме тәрбиеленушілері өздеріне қатысты ешқандай теріс әрекет жасалмағанын айтты. Қазіргі таңда жасөспірімдердің денсаулығына қандай да бір зақым келген-келмегенін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалып, тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр», - Шымкент полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мөлдір Бекеева.
Еске салайық, осыдан 4 күн бұрын, 16 ақпанда Шымкенттегі Тұран ауданында орналасқан Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығынан 14 және 15 жастағы екі тәрбиеленуші шығып кеткен.