«Тұрғын үйлер қирады»: Түркияда тағы да жер сілкінісі болды (ВИДЕО)
Жер сілкінісі Сирия мен Ливанда да сезілді
Сирия мен Түркия шекарасында 6,4 магнитудалды жер сілкінісі болды. Бұл туралы Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы хабарлады.
Сейсмологтардың айтуынша, жер сілкінісінің ошағы екі шақырым тереңдікте жатқан.
Түрік БАҚ-тарының хабарлауынша, Антакия қаласындағы жаңа дүмпулердің салдарынан тұрғын үйлер қираған, бірақ олардың саны көрсетілмеген.
Жер асты дүмпулері Хатаймен көршілес провинцияларда, сондай-ақ Сирия мен Ливанда сезілді.