Сұйытылған мұнай газын сатушылардың үстемдік жағдайын пайдаланғаны анықталды
Сұйытылған мұнай газын жеткізуші алты ірі көтерме сауда компаниясына қатысты тергеп-тексеру жұмыстары аяқталды. Сатушылардың үстемдік жағдайын пайдалана отырып, ең жоғары бағаны белгілеуді көздегені анықталды. Бұл туралы ҚР президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізетін 193 субъектіге қатысты, оның 89-на Бас прокуратурамен бірлесіп тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Нарықтағы 65 субъектінің ісінде келісілген әрекеттер және картельдік сөз байласу фактілері анықталды. 45 субъектіге қатысты әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жіберілді. Салынған әкімшілік жазалардың жалпы сомасы – 92 миллион теңге.