Сұйытылған мұнай газын жеткізуші 6 сауда компаниясына қатысты тергеу аяқталды
Сұйытылған мұнай газын сатушылардың үстемдік жағдайын пайдаланғаны анықталды
Сұйытылған мұнай газын жеткізуші алты ірі көтерме сауда компаниясына қатысты тергеп-тексеру жұмыстары аяқталды. Сатушылардың үстемдік жағдайын пайдалана отырып, ең жоғары бағаны белгілеуді көздегені анықталды. Бұл туралы ҚР президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
- «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-ға әкімшілік айыппұл салу туралы сот шешімі шығарылды (шешім күшіне енген жоқ);
- «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ мен «СП Қазгермұнай» ЖШС-не қатысты әкімшілік іс қозғалды және сотқа берілді;
- «Petrosun» ЖШС мен «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС-ға қатысты қылмыстық іс қозғалып, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ға қатысты іс материалдары Қаржылық мониторинг агенттігіне берілді;
- «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС іс-әрекеттерінде сұйытылған мұнай газын сату кезінде негізсіз қысқарту фактілері анықталды;
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізетін 193 субъектіге қатысты, оның 89-на Бас прокуратурамен бірлесіп тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Нарықтағы 65 субъектінің ісінде келісілген әрекеттер және картельдік сөз байласу фактілері анықталды. 45 субъектіге қатысты әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жіберілді. Салынған әкімшілік жазалардың жалпы сомасы – 92 миллион теңге.