Президент конституциялық сот төрағасын қабылдады
Ол төрағаға бірқатар тапсырма берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Кездесу барысында президентке конституциялық соттың өз жұмысын бастағаны, өкілеттігін жүзеге асыруға кіріскені, сондай-ақ биыл 1 қаңтардан бері азаматтардан келіп түскен өтініштер жөнінде мәлімет берілді.
Эльвира Азимова конституциялық іс жүргізуге қабылданған өтініштер мен конституциялық бақылау аясында жоспарланған шаралар туралы айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев конституциялық іс жүргізудің барлық сатысының ашықтығын және конституциялық сотқа жүгіну тәртібі туралы азаматтардың хабардар болуын қамтамасыз етудің, сондай-ақ Ата заңның сақталуына бақылауды күшейтудің маңызды екенін атап өтті.