×

Министрлік Вадим Борейконың көліктері өртенген операторына қатысты пікір білдірді

Түнде белгісіз біреулер оның көлігін өртеп кеткен

 Дәурен Ерболат 20.02.2023 | 13:35
Фото: Facebook/ Вадим Борейко

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі танымал журналист Вадим Борейконың әріптесіне қатысты болған оқиғаға пікір білдірді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Алматы қаласының полиция департаменті бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жасап, тиісті сараптама тағайындады. Мәселенің мән-жайы нақтыланып жатыр.

АҚДМ журналистік қызметке кедергі келтіруге жол бермейді және барлық қажет көмекті көрсетеді, - деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін журналист Вадим Борейко Facebook-те операторына тиесілі көліктердің өртеніп жатқанын жазып, видеосын жүктеген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама