Ол жол ережесін өрескел бұзған
Ақмола облысында қауіпсіздік ережесін сақтамаған жүргізушіні пойыз соғып кетті, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Бүгін, 20 ақпанда таңғы сағат 6:45-те Ақмола облысының Бурабай – Шортанды учаскесінде көлік жүргізушісі бағдаршамның тыйым салынған белгісіне және шлагбаумның жабылғанына қарамастан теміржол өткеліне шығып кеткен. Салдарынан көлікті пойыз соққан.
Оқиғадан қаза тапқандар бар, - деп жазылған хабарламада.
Өткелдегі белгі беру құрылғысы дұрыс жұмыс істеген әрі онда кезек болған.
Ал полиция дерегінше, Jiefang автокөлігін Новокубанка ауылының 46 жастағы тұрғыны басқарған.
Көлік апатынан жүргізуші мен 2 жолаушы (1975 жылы туған әйел және 1985 жылы туған ер адам) көз жұмды. Екеуі де Астана қаласының тұрғындары. Тағы 3 жолаушы аудандық орталық ауруханаға жатқызылды, - деп жазылған хабарламада.
Тіркелген дерек негізінде Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
ҚТЖ жүргізушілерге теміржол өткелдері арқылы өткенде сақ болуға, жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауға кеңес береді.