Ол еңбек жолын жаттықтырушы болып бастаған
Үкіметтің қаулысымен Сәрсен Құранбек Мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Сарсен Құранбек 1976 жылы Жетісу облысында туған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Қазақтың спорт және туризм академиясын, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 1995 жылы «№4 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» МКҚК жаттықтырушы-оқытушысы болып бастады.
2002-2004 жылдары – «№15 балалар-жасөспірімдер денешынықтыру клубы» МКҚК директоры;
2004-2007 жылдары – «№ 4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» МКҚК директоры;
2007-2009 жылдары – «Алматы қаласының денешынықтыру және спорт басқармасы» ММ бастығының орынбасары;
2009-2010 жылдары – «Республикалық спорт колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының орынбасары;
2010-2011 жылдары – «Қысқы Азия ойындары мен Олимпиада алауының эстафетасы жөніндегі қалалық дирекциясы» МКК директорының орынбасары;
2012-2014 жылдары – «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры» қоғамдық қорының атқарушы директоры;
2014 жылы Спорт және денешынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
2014-2018 жылдары – Qazaq kuresi федерациясы қауымдастық нысанындағы ЗТБ Бас хатшысы;
2018-2022 жылдары – «Қазақстан шөген федерациясы» қауымдастық нысанындағы ЗТБ Бас хатшысы;
2022 жылдың ақпан айынан бастап осы уақытқа дейін «Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығы» қауымдастық нысанында ЗТБ бас директоры қызметін атқарды.
Бұған дейін Мәдениет және спорт вице-министрі лауазымын атқарған Серік Жарасбаев өз өтініші бойынша қызметінен босатылды.