Halyq Uni логотип
×

Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны азайды

1500-ден аса науқас аурудан емделіп жатыр

 Дәурен Ерболат 20.02.2023 | 09:05
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны азайды
Фото: ТАСС

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың саны азайды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Өткен тәулікте 40 адам коронавирус жұқтырған.

20 ақпандағы мәлімет бойынша 1 664 адам COVID-19-дан (1 489+ және 175 КВИ-) емделіп жатыр.

Олардың ішінде 112 пациент стационарда, 1 552 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. 4 адамның жағдайы ауыр, 4 пациенттің жағдайы өте ауыр, 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, кеше 63 адамнан коронавирус табылған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама