Павлодарда 4 бала иіс тиіп, ауруханаға түсті
19 ақпан сағат 08:54-те жер үйде 15, 11, 5 және 2 жас аралығындағы балалар уланған
Павлодарда пештің ақауы салдарынан 4 балаға иіс тиіп ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Медицина мамандарының ақпараты бойынша, 19 ақпан сағат 08:54-те жер үйде 15, 11, 5 және 2 жас аралығындағы балалар иіс тиіп уланған.
Балалардың барлығы облыстық балалар ауруханасына «орта деңгейдегі ыстан улану» диагнозымен жеткізілді,-деп хабарлады Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Мамандар сондай-ақ балаларды жедел жәрдем ауруханаға жеткізгенде олардың жанында 32 жастағы анасы болғанын хабарлады. Балалардың анасы да иіс тиіп уланған. Әйелдің айтуынша, үйде пештің ақауынан түтін иісі шыққан.