Әлемдік додада аса ауыр салмақ дәрежесінде маңғыстаулық Расул Хатаев жеңімпаз атанды
Маңғыстаулық Расул Хатаев ММА-дан әлем чемпионы атанды. Бұл туралы Маңғыстау өңірлік коммуникация орталығы хабарлады.
Сербия астанасы Белградта ММА-дан ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтті. Жарысқа әлемнің 62 елінен 550 аса спортшы қатысты.
Әлемдік додада аса ауыр салмақ дәрежесінде маңғыстаулық Расул Хатаев жеңімпаз атанды,- делінген ақпаратта.
Жерлестері чемпионды Ақтау халықаралық әуежайынан күтіп алды.