Полицейдің жүрегі тоқтап қалған болуы мүмкін
Қарағандының учаскелік полиция бекеттерінің бірінде полицей көз жұмды. Бұл туралы Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қайғылы оқиға 19 ақпан сағат 14:40 шамасында болған.
Қарағанды қаласындағы учаскелік полиция пунктінде учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Ұлан Маратұлы Имашев кенеттен қайтыс болды. Дәрігерлердің алдын ала болжам бойынша оның жүрегі тоқтап қалған, - делінген хабарламада.
Қарағанды облысы полиция департаментінің басшылығы марқұмның жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.