Әуе шабуылынан 4 бейбіт тұрғын мен 1 сарбаз көз жұмған
Кеше кешке Израиль әскери-әуе күштері Сирияның астанасына соққы жасаған. Соның салдарынан 5 адам қаза тапты. Бұл туралы SANA ақпарат агенттігі хабарлады.
Атап айтқанда, тұтқиылдан жасалған әуе шабуылынан 4 бейбіт тұрғын мен 1 сарбаз көз жұмған. Сондай-ақ жарақат алған 15 бейбіт тұрғынның кейбіреулері ауыр жағдайда жатыр.
Дереккөздің мәліметінше, Дамаск маңында түсірілген суреттер мен бейнелер бірнеше ғимаратқа үлкен зиян келтірілгенін көрсетеді.