×

Израиль зілзаладан ес жия алмай жатқан Сирияның астанасын бомбалады

Әуе шабуылынан 4 бейбіт тұрғын мен 1 сарбаз көз жұмған

 Еркеғали Болатұлы 19.02.2023 | 16:49
фото: дереккөз

Кеше кешке Израиль әскери-әуе күштері Сирияның астанасына соққы жасаған. Соның салдарынан 5 адам қаза тапты. Бұл туралы SANA ақпарат агенттігі хабарлады.

Атап айтқанда, тұтқиылдан жасалған әуе шабуылынан 4 бейбіт тұрғын мен 1 сарбаз көз жұмған. Сондай-ақ жарақат алған 15 бейбіт тұрғынның кейбіреулері ауыр жағдайда жатыр.

Дереккөздің мәліметінше, Дамаск маңында түсірілген суреттер мен бейнелер бірнеше ғимаратқа үлкен зиян келтірілгенін көрсетеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама