×

«Екібастұз ЖЭО толық істен шықты». Желіде тараған ақпаратқа әкімдік түсінік берді

Облыс әкімі мен Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау комитетінің төрағасы Сұңғат Есімханов Екібастұзда

 Еркеғали Болатұлы 19.02.2023 | 09:08
фото: ашық дереккөзден

Әлеуметтік желілерде Екібастұздағы жылу электр орталығының толық істен шыққаны туралы ақпарат тарады. Бұл мәлімет шындыққа жанаспайды, деп хабарлады Екібастұз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

18 ақпанда сағат 16:30-дағы жағдай бойынша Екібастұз ЖЭО желілік су құбырындағы зақым жойылды. Бұл ретте күні бойы станцияның жұмысы тоқтаған жоқ және төмендетілген параметрлерде жұмысын жалғастырды, 3 қазандық жұмыс істеп тұрды. Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов пен Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау комитетінің төрағасы Сұңғат Есімханов Екібастұзда.

ЖЭО мамандары қаланы жылумен жабдықтауды қалпына келтіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр. Станцияның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және параметрлерді тұрақтандыру үшін тәулік бойы негізгі және қосалқы жабдықтарды жөндеу жұмыстары жүргізіледі», - делінген Екібастұз қаласы әкімдігінің Іnstagram-дағы ресми парақшасына жарияланған хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 140 адам жұмылдырылған. Сонымен қатар, Екібастұз қаласының әкімдігі тұрғындарды тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама