×

Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда түнде және таңертең тұман түседі

 Халық үні 18.02.2023 | 20:30
фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның 15 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. 

Алматы облысында тұман болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.

Алматыда түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылорда облысында көктайғақ, тұман. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың орталығында күндіз күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Абай облысында жаяу бұрқасын болады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында екпіні - 15-20, Жарма ауданында екпіні 26 м/с.

Батыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын. Жел оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында, шығысында екпіні - 15-20 м/с. 

Ақтөбе облысында да жаяу бұрқасын. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Атырау облысында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. 

Солтүстік Қазақстан облысында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Астанада кей уақыттарда тұман түседі.

Түркістан облысында да тұман. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, тау асуларында күші - 15- 20 м/с.

Ұлытау облысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 18 м/с болады.

Жетісу облысында да тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде 15-20, Алакөл көлдері ауданында екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетеді. 

Қостанай облысының көп бөлігінде күндіз қар жауады. Жаяу бұрқасын, тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші - 15-20 м/с.

Ақмола облысында жаяу бұрқасы, тұман. Екпіні секундына 15-20 метр болатын жел тұрады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама