Қуанышты хабар сенбі күні Антакья қаласынан келді
Түркияның оңтүстігіндегі Хатай провинциясында жойқын жер сілкінісінен кейін 13-күні үйінді астынан үш адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап.
Қуанышты хабар сенбі күні Антакья қаласынан келді, онда құтқарушылар Түрікменбашы көшесіндегі генерал Шүкру Канатлы кварталындағы үй орнын қазған.
Жерасты дүмпулерінен кейін 296-сағатта ер адам, әйел және бала құтқарылды, олардың аты-жөні әлі анықталмаған. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді, содан кейін ауруханаға жіберілді.
Еске сала кетсек, 6 ақпанда Кахраманмарашта магнитудасы 7 балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Жер сілкінісі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда да сезілді.