Бүгін ауа райы қандай болады?
Республика бойынша тұман, желдің күшеюі күтіледі
Еліміздің бірқатар аймақтарында қатты жауын-шашын күтіледі, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Батыс циклон жырасы және атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі. Қар, республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын – шашын жаңбыр мен қар түрінде болады деп болжанып отыр.
Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, еліміздің оңтүстік жартысында – көктайғақ, солтүстік жартысында – жаяу бұрқасын болжанады.