×

Түрік фанаттары Қазақстан құтқарушыларына да алғыс айтты (ВИДЕО)

Олардың арасында еліміздің көк байрағы бар

 Дастан Жұмабекұлы 17.02.2023 | 18:34
фото: ашық дереккөз

Түркияда «Трабзонспор» футбол клубының фанаттары Конференция лигасының плей-офф кезеңінде швейцариялық «Базельге» қарсы өз алаңындағы матчта  зілзала салдарын жойып, адамдарды аман алып қалуға көмектесіп жатқан құтқарушыларға алғыс айтты.

Стадионда фанаттар ілген баннерде үйінді астынан адамдарды шығаруға көмектесіп жүрген, қолына бала ұстаған құтқарушы бейнеленген. Құтқарушының темір қалпағында түрік халқына қайғылы апаттың салдарымен күресуге көмектесіп жатқан әр елдің тулары суреттелген. Олардың қатарында Қазақстанның да туы бар.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама