×

Қазақстан дзюдошылары Еуропа кубогында екі медаль алды

Турнирге 43 мемлекетен 400-ге жуық татами шеберлері қатысып жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 17.02.2023 | 17:55
фото: ашық дереккөз

Болгарияның София қаласында дзюдодан өткен Еуропа кубогында Қазақстан командасы екі медаль иеленді.

66 келіге дейінгі салмақта күрескен Ғұмар Қырғызбаев финалда қарсыласынан ұтылып, күміс жүлдеге ие болды. 81 келіге дейінгі балуандар арасында Руслан Мұсаев қола жүлдегер атанды.

Халықаралық турнирге 43 мемлекеттен 400-ге жуық татами шеберлері қатысып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама