Қазақстан спортшысы ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы атанды

Дастан Жұмабекұлы

Жарысқа 62 елден 600-ден астам спортшы қатысып жатыр

фото: Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы

Сербияда жастар арасында ММА бойынша әлем чемпионаты болып жатыр. Оған 62 елден 600-ден астам спортшы қатысуда.

Жарыстың 20 жасқа дейінгі (U-20) санатында Матильда Бачурина алтын жүлдеге ие болды.

Жеке жаттықтырушысы Баян Жанғаловтың айтуынша, Матильда Бачурина тартысты жекпе-жекте өз еліміздің, сондай-ақ Украина мен Германияның өкілдерін жеңген.