×

Қазақстанда жануарларды азаптау дерегі артқан

Ең көп заңбұзушылық Павлодар облысында тіркелді

 Дәурен Ерболат 17.02.2023 | 17:41
Фото: РИАМО

Елімізде жануарларды азаптау фактісі артқан, деп хабарлады Finprom.kz.

Биыл қаңтарда Қазақстанда жануарларға қатыгездік танытқан 5 дерек тіркелді. Былтыр осы уақытта 8 факті болған.

Сондай-ақ балық аулау және басқа да су жануарлары мен өсімдіктерді заңсыз өндіруге қатысты 11 дерек тіркелді. 2022 жылы 9 іс тіркелген.

Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жан-жануарлар әрі пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарларға қатыгездік танытуға қатысты 17 қылмыстық іс қозғалды. Бір жыл бұрын 12 қылмыс тіркелген.

2023 жылғы қаңтарда заңсыз балық аулау өткен жылға қарағанда 17-ден 12 жағдайға дейін азайды.

Жануарларға қатыгездікпен қарауға қатысты ең көп қылмыстық құқықбұзушылық Павлодар облысында тіркелді: қаңтарда 3 дерек. Бір жыл бұрын ешқандай дерек тіркелмеген. Заңсыз балық аулау Қарағанды облысында жиі анықталды: бір айда 5 дерек.

Жетісу облысы заңсыз аң аулау бойынша 2-орында тұр: қаңтарда 3 құқықбұзушылық жасалды.

Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктерге қауіп төндіру дерегі Ақтөбе облысында тіркелді.

Биыл қаңтарда 4 құқықбұзушылық болды. Бұған дейін бірде-бір жағдай анықталмаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама