АҚШ-та 10 адамды атқан азамат өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Дастан Жұмабекұлы

Оған тағы бір айып тағылса, өлім жазасына кесіледі

фото: ашық дереккөз

Былтырғы жылдың мамырында АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Буффало қаласында супермаркетте 10 адамды атып тастаған Пейтон Гендрон есімді азамат өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Associated Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Нью-Йорк соты былтыр мамыр айында Буффало қаласында нәсілдік өшпенділік негізінде 10 адамды атып өлтірген 19 жастағы Пэйтон Гендронды шартты түрде босату құқығынсыз өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кескен.

Ол бұған дейін терроризм үшін де сотталған. АҚШ-тың Әділет министрлігі Гендронға тағы бір айып тақса, ол өлім жазасына кесіледі.

Былтыр қараша айында ол өзіне тағылған барлық айыпты мойындаған еді.