Алматыдағы ғимараттар жел сілкінісіне төтеп бера ала ма – Роман Склярдың жауабы
Қазақстанда соңғы бес жылда 40 мыңға жуық жер сілкінісі тіркелген
ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Алматыдағы ғимараттардың қауіпсіздігіне қатысты мәселеге пікір білдірді.
«Алматыдағы сейсмикалық жағдайға тоқталайын. Бүгінде Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты (КазҚСҒЗИ) жұмыс істейді. Ол тарихи түрде сейсмикалық аймақтағы ғимараттарды жобалау мәселесіне жауапты. Олардың сараптамасы бойынша және бізде құрылыс нормаларына сәйкес нысандар салынған. Менің ойымша, қазір алаңдауға негіз жоқ. Тиісті жауапты тұлғалар бұл мәселе бойынша жұмыс істеп жатыр. Олар өз жұмысына жауап береді әрі тиісті құжаттарға қол қояды», - деді бірінші вице-премьер Сенатта өткен парламенттік тыңдауда.
Айта кетейік, соңғы бес жыл ішінде Қазақстанда 40 мыңға жуық жер сілкінісі тіркелген. Бұл туралы ТЖМ Сейсмология институты мәлімдеді.
Сейсмология институты директорының ғылым жөніндегі орынбасары Нұрсарсен Өзбековтің Halyq Uni тілшісіне елімізде сейсмикалық қауіпті аймақта тұрған өңірлер туралы айтып берді.
«Шығыс Қазақстан облысынан бастап, Қызылорда облысына дейін жерасты дүмпулері 7-9 баллға дейін жетуі мүмкін сейсмикалық қауіпті жерлер бар. Әсіресе, Алматы облысы бұл жағынан Орталық Азиядағы өте қауіпті аймақта орналасқан. Бұрын бұл жерде күшті жойқын жер сілкінісі бірнеше рет болған. Мәселен, 1887 жылғы Верный жер сілкінісін және 1911 жылғы Кемин жер сілкінісін айтуға болады», - деді ол.