Halyq Uni логотип
×

Ауқымды жөндеу науқанына дайындалып жатырмыз – Роман Скляр тозған ЖЭС-тер туралы

Елімізде проблемалы 19 ЖЭС бар

 Дәурен Ерболат 17.02.2023 | 10:20
Ауқымды жөндеу науқанына дайындалып жатырмыз – Роман Скляр тозған ЖЭС-тер туралы
Фото: zakon.kz

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстанда жылу электр станциялары (ЖЭС) мен электр желілерін тексеру қашан аяқталатынын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен барлық жылу энергия станциясы мен электр желісіне ревизия жүргізіліп жатыр. Биыл бірінші тоқсанда бұл тексеру аяқталады. Тексеру қорытындысы бойынша тиісті іс-шаралар жоспарын қабылдаймыз. Сонымен қатар ауқымды жөндеу науқанына дайындалып жатырмыз, - деді Роман Скляр Сенатта өтіп жатқан парламенттік тыңдауда.

Оның айтуынша, жылу электр станцияларына тиесілі меншік иелерінің жауапкершілігі қайта қаралып, бақылау-қадағалау фунциялары мен саланың жалпы тиімділігі күшейтіледі.

«Арнайы комиссия тез арада жаңғыртуды қажет ететін 19 проблемалы ЖЭС-ті анықтады. Президенттің тапсырмасымен Көкштетау, Семей қалаларында жаңа жылу электр станцияларын салу, Павлодар мен Екібастұздағы ЖЭС-терді жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама