Ерікті бейресми ақпараттарға сенбеуге шақырды
Түркияның зілзала болған аймағына біздің елден құтқарушылармен бірге еріктілер де барған. Солардың бірі – «Қарайлас» қорының мүшесі Ақарыспен Астана телеарнасы тілдесті.
Оның айтуынша, жағдай өте қиын.
«Жердің үстінде табылғандарға қарағанда, жердің астындағылар көбірек сияқты. Бейресми ақпаратттарға сүйенсек 500 мың, миллионға дейін кетіп қалуы мүмкін дейді. Қазір дизинформациялар тарап жатыр ғой. Бұл жаққа болды көмек керек емес, бұларға жетеді, киімдер шашылып жатыр деген сияқты. Бұның барлығы жалған ақпарат. Оларда енді пижамамен жүр. Жер сілкінісі болған, қашып шыққан», - дейді ерікті Ақарыс Әділжан.
Қазақстандық құтқарушылар осы уақытқа дейін 100-ге жуық адамның денесін үйінді астынан алып шықты. 7 адамды құтқарды. Олар өз басын қауіп-қатерге тігіп жүр дейді Ақарыс.
«Мына жерде өте қауіпті. 2 этажы төменге түсіп кеткен, тағы құлауы мүмкін. Сондықтан мына жерге кірмей-ақ қойыңдар десе. Біздің құтқарушылар: Жоқ, олар өмірден өтіп кетсе де, адам құсап жерлену керек шығар, біз оларды аман алып шығуымыз керек деп кеше айтып жатқан сөздерін естідік», - дейді ол.
Айта кетейік, Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны шамамен 36 мыңнан асты. Жарақат алған 13 208 адам ауруханаларда ем алып жатыр.