ЖҚС жұмысшысының қалай қаза тапқаны видеоға түсіп қалған
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр
Көкшетауда жанармай тасымалдайтын 2 автоцистерна өртеніп, соның салдарынан оператор қаза тапты, деп хабарлайды Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, 16 ақпанда Qazaqoil жүк тиеу-түсіру станциясында жанармай таситын 2 цистерна өртеніп кеткен.
«Өрт сағат 11:05-те оқшауланып, 20 минут ішінде толығымен жойылды. Өрт аумағы 35 шаршы метрді құрады. Өрт салдарынан жанармай құятын автоцистернада болған жанармай құю бекетінің операторы – 1988 жылы туған ер адам қаза тапты. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - делінген хабарламада.
Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді, бұл туралы департаменттің ресми сайтынан немесе әлеуметтік парақшаларынан білуге болады.