Halyq Uni логотип
×

Зеленский Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті

Президент Қазақстанның ұстанымын растады

 Халық үні 16.02.2023 | 20:47
Зеленский Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті
фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Украина Президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда. 
 
Украина тарапының бастамасы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті. Екі ел басшылары Қазақстан мен Украина арасындағы гуманитарлық байланыстар мәселесін талқылады.  

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығысты БҰҰ Жарғысы мен жалпыға ортақ халықаралық құқық нормалары негізінде дипломатиялық жолмен шешуге қатысты Қазақстанның ұстанымын растады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама