Halyq Uni логотип
×

Түркияда үйінді астында 11 күн жатқан қыз құтқарылды

Іздеу-құтқару жұмыстары 11 күннен бері жалғасып жатыр

 Халық үні 16.02.2023 | 19:40
Түркияда үйінді астында 11 күн жатқан қыз құтқарылды
Фото: aa.com.tr

Түркияның Хатай провинциясында жойқын жер сілкінісінен 248 сағат өткен соң 17 жастағы қыз құтқарылды, деп хабарлайды Anadolu агенттігі.

Портал мәліметінше, Алейна Олмез Кахраманмараш қаласындағы Каябашы ауданындағы тұрғын үйдің қирандыларының астында 11 күн бойы жатқан.

«Алғашқы көмек көрсеткеннен кейін дәрігерлер оны ауруханаға жіберді», - делінген хабарламада,

Апат аймағында іздеу-құтқару жұмыстары 11 күннен бері жалғасып жатыр.

Эпицентрі Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 36,1 мыңнан асты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама