Астанананың хоккей клубы соңғы орын алып қалды
Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасында кезекті рет жеңіліп қалды. Бұл жолы «Барыс» өз айдынында Минск қаласының «Динамо» клубынан 2:5 есебімен ұтылып, плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен толығымен айырылды.
Сөйтіп, «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының Шығыс конференциясында плей-оффтан үмітін үзген алғашқы команда атанды. Команда 64 ойында 59 ұпай жинап, конференцияда ең соңғы орында қалды.
Астана клубының ҚХЛ-дағы кезекті матчы 18 ақпанда «Куньлунь Ред Стар» командасымен болады.